Спорт – сенің серігің

Screenshot 1 2 Қоғам

Атырау қаласындағы №11 «Таңшолпан» балабақшасының тәрбиеленушілері сапалы білім алумен қатар, салауатты өмір салтына, спортқа да ерекше көңіл бөледі. Нәтижесінде спорттық түрлі жарыстарға қатысушы балалар саны артты. Сондай-ақ,  балабақшаішілік жарыстарда жүйелі түрде бақтарын сынап отырады.

Screenshot_1

Жылдағы дәстүр бойынша биыл да оқу жылынан бастап бірнеше спорттық шаралар өтті. Мәселен, қазан айының ортасында балабақшада  «Спорт – көркі өмірдің, Спорт – досың, серігің»  сайысы  болды. Қатысушылар ортақ ереже түсіндірілісімен жарысқа белсене қызығушылықпен қатысты.  Қатысушы  командалар әртүрлі жарыстар кезінде тапсырмаларды бірлесе орындап, мәреге жылдам, әрі қысқа уақыт ішінде жетуге талпынады. Бұл сайыс балалардың жылдамдық, ептілік, дәлдік қасиеттерін жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен, 18 бала қатысқан сайыста «Күншуақ» тобы 1-ші орын, «Ақтиін» тобы  2-ші орын, «Қарлығаш» тобы  3-ші орынға ие болды.

Жалпы, балабақшаішілік жарыстарды өткізуден шығатын қорытынды не? Әрине, алдымен оң нәтиже береді. Біріншіден, балалар арасындағы достық қарым-қатынасты тереңдете түседі. Екіншіден, бауырмалдық, қамқорлық, ауызбіршілік, ортақ мақсатқа бірге жетуге талпыныс жасауға итермелейтін қасиеттер дами түседі. Яғни, бұл балалардың  денсаулығын  арттыруда қолданатын жақсы құрал болмақ.  Алдағы уақытта үздік спортшы балалардан балабақша командасын жасақтап,  қалалық  жарыстарға қатыстыру жоспарда бар.  Өз кезегінде ұстаздар қауымы балалардың балабақша намысын абыроймен қорғайтынына сенімдіміз.

Альфия ОРАЗҒАЛИЕВА,

№11 «Таңшолпан» балабақшасының тәрбиешісі,

Атырау қаласы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз