Жарнама
Спорт

Салауатты ұрпақ мықты ұлттың кепілі

Бүгін Атыраудағы Тасқала елдімекенінде орналасқан спорт кешенінде есірткі қылмысына қарсы мәдениет қалыптастыру және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттық жарыс басталды.


Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастамасымен «Спорт – нашақорлыққа және ойынқұмарлыққа қарсы!» ұранымен каратэ киокушинкайдан балалар арасындағы облыстық біріншілік басталды.

Жарысқа Атырау және Ақтөбе облыстарынан келген 8-9 жас аралығындағы спортшылар қатысып, өзара шеберліктерін сынға салады.
Бұл спорттық шара Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Оның басты мақсаты – балаларда, жасөспірімдер мен жастарда арасында есірткінің таралуы мен қолданылуына теріс көзқарас қалыптастыру, сондай-ақ салауатты және қауіпсіз өмір салтының дағдыларын орнықтыру, өз денсаулығына деген құндылық көзқарас пен зиянды заттарға немқұрайлы қатынасты қалыптастыру болып табылады.


Іс-шараның ашылуында облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Даралиев сөз сөйлеп, жастарды қоғамға бейімдеу, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және алдын алу шараларының жүйелі жүргізілуінің маңызын атап өтті.

93904afc 4127 463b 92ad 0a0aeba8c226


Сонымен қатар, Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы Ерлан Ғабитов жастарды спортқа тарту арқылы олардың бойында салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастырудың өзектілігіне тоқталды.


Шара барысында облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Марьяна Жанғалиева қатысушыларға есірткі заттарының адам өміріне тигізер зияны мен құқықтық жауапкершілік жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


Салтанатты жиында басқарма атынан бұдан бұрынғы чемпионаттарда жетістікке жеткен спортшыларға сыйлықтар табыстады.
Сонымен бірге Каратэ-киокушинкай федерациясының жетекшісі, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, «Тәуелсіз өмір» жастар қозғалысының жетекшісі Андрей Котов пен белгілі бапкер Танат Нұрымовқа облыстық Полиция департаменті жанындағы Есірткі құқықбұзушылығының алдын алу жөніндегі қоғамдық кеңестің төсбелгісі табыс етілді.


Шараға баласын ертіп келген ата-аналардың бірі Гүлжан Қалиақпарова осындай бастамалардың тәрбиелік және әлеуметтік мәніне ерекше тоқталды.


– Бүгінгі жастардың уақытын пайдалы өткізіп, спортқа қызығушылық танытуы ата-ана үшін үлкен қуаныш. Мұндай жарыстар жасөспірімдерге дұрыс бағыт береді, ең бастысы есірткі, лудомания секілді зиянды әдеттерден сақтануға шақырады, — дейді ол.

Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button