Сәйгүлік мінген балуан

Auyil zhastaryi paluan a at mingizdi2 Қоғам

Аққыстаудың орталық стадионда өткен концертке ауылдастар көп жиналды. Аудандық «Жалын» мәдениет үйі мен жастар ресурстық орталығы бірлесе ұйымдастырған шара ауыл өнерпаздарының әуезді әнімен, мың бұралған биімен әрлене түсті.

Ауыл жастары палуанға ат мінгізді2

Астана күні қарсаңында Елорда төрінде самбодан Президент жүлдесі үшін өткен әлем кубогінде ел намысын қорғаған талантты балуан Еркебұлан Қуанғалиев күміс жүлде иеленіп, исатайлықтардың абыройын асқақтатқан болатын. Еркебұланның спорттағы бұл жетістігін ескерусіз қалдырмаған тұщықұдықтық белсенді жастар Өмірбек Хайроллаев пен Әди Мажанов мәрттік танытып, балуанға сәйгүлік мінгізді.

Шара одан әрі ұлттық ойындарға ұласты. Қол күресінен Асылбек Жанұзақовтың жолы болды. Ал, арқан тартыстан Тәуелсіздік жылы туған аққыстаулық жастар жеңімпаз атанды. Кір тасын көтеруден Ербол Қуанышевқа тең келер қайратты жігіт табылмады. Турникке тартылудан Дулат Ерболатұлы алдына жан салмады.

Серікбол  ПАНАБЕРДИЕВ,

Исатай ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз