Жарнама
Спорт

Қазақстанның кәсіби футбол клубтары жекенің қолына берілмек

Қазақстандағы кәсіби футбол клубтарын жекенің қарамағына беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының өкілі Бақытжан Пазылхайыр мәлімдеді.

Оның айтуынша, алдағы 2–3 жыл ішінде еліміздегі барлық кәсіби футбол клубтары жеке меншікке өтеді. Бұл шешім футбол саласындағы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту мақсатында қолға алынуда.

Қазірдің өзінде бірнеше клуб бойынша нақты бастамалар жүзеге асуда: Freedom Finance компаниясы Қарағандының «Шахтер» футбол клубына арналған жаңа стадион мен футбол академиясын салуды жоспарлап отыр. «Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы» Петропавлдың «Қызыл-Жар» клубын сатып алуға қызығушылық білдірген. Сондай-ақ Kaspi Group Астананың «Жеңіс» клубын өз қарамағына алып, футбол инфрақұрылымын дамытуға инвестиция салмақ. Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы жеке кәсіпкердің иелігіне өтті. Ал Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров «Ақтөбе» клубының да жекенің қарамағына өтетінін растады.

Қазір Қазақстанда 32 кәсіби футбол клубы бар.

Сарапшылардың пікірінше, бұл өзгеріс клубтардың дамуына серпін беріп, отандық футболдың жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді.

Бек АЙДАРӘЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button