Жарнама
Спорт

Қазақстанда жүзу сабағы мектеп бағдарламасына енгізіледі

Қазақстан мектептерінде жүзу сабағы дене шынықтыру пәнінің құрамына енгізілмек. Бұл туралы Қазақстанның су спорты түрлері федерациясының бас хатшысы, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин мәлімдеді. Оның айтуынша, жоба алдымен Астана мен Алматы қалаларында пилоттық режимде іске қосылып, кейін барлық өңірлерге кезең-кезеңімен таратылады.

Баландиннің айтуынша, негізгі мақсат – әр балаға жүзуді үйренуге мүмкіндік беру. Бұл балалардың судағы қауіпсіздігін арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді. Жоба аясында оқушылар жүзудің негізгі тәсілдерін меңгеріп, суда дұрыс әрекет ету мен қауіпсіздік дағдыларын тәжірибеде үйренетін болады.

Жүзу сабағының мектеп бағдарламасына енгізілуі балалардың денсаулығын нығайтуға, қозғалыс белсенділігін арттыруға және суға бату қаупін азайтуға бағытталған маңызды бастама болып отыр.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Сурет ашық дереккөзден алынды

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button