Жарнама
Спорт

Мақатта спорт саласы қарқын алады

Бүгін Мақат ауданы әкімдігі, «Eskene LPG» ЖШС және «Мақат футбол федерациясы» қоғамдық бірлестігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, — деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Меморандум Мақат ауданы аумағында футбол спортын дамыту, бұқаралық спортты қолдау, жасөспірімдер арасында дене шынықтыру мәдениетін арттыру мақсатында жасалды.

Келісім барысында аудан әкімі Азамат Мәмбетов меморандумның өңірдегі спортты дамытуға қосатын үлесін атап өтіп, тараптарға бірлескен жұмыстың маңыздылығын айтты.

Меморандум негізінде аудан аумағында ангар типтес спорт кешенін жазғы ойын аландарымен салу және жыл сайын спортшылардың өзге өңірлерге тәжірибе алмасу мен оқу-жаттығу жиындарына толық қатысуға жағдай жасау үшін қаржылай қолдау көрсететін болады.

Кездесу соңында үш жақты тарап өкілдері ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін бірлесе жұмыс атқаруға дайын екендіктерін жеткізді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button