Жарнама
Спорт

Мақат ауданында 80-ге жуық шабандоз аламан ат бәйгесінде сынға түсті

25 қазан – Республика күніне орай Мақат ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен бәйге алаңында ат бәйгесі өтті.

Іс-шараның ашылуында аудан әкімі Азамат Мәмбетов сөз сөйлеп, ел рухын көтеретін ұлттық жарыстардың маңыздылығына тоқталып өтті. Сонымен қатар шабандоздарға сәттілік тіледі.

img 8712

Алдымен атшабарда тай бәйгесінің жүйріктері сынға түсті. Шабандоздар 6 шақырым қашықтықта өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Маңғыстау облысы, Шетпе ауданынан келген Темірбаевтар әулетінің «Жұлдыз» атты тұлпарының шабандозы Абдулла Насихат мәреге бірінші келіп, жеңімпаз атанды.
ІІ орынды Шетпеден келген Сәрсенбай Орынбаевтың «Айдария» тұлпарының шабандозы Дулат Жамаш, ал ІІІ орынды Мақат ауданының тұрғыны Асылхан Сүндетовтің «Хантөре» тұлпарының шабандозы Қайрат Нұрғазы иеленді.

Бәйге 9 шақырымдық құнан жарыспен жалғасты. Бұл сында І орын Маңғыстау облысынан келген Ахат Қоңырбаевтың «Айрис» тұлпары мен шабандозы Мирас Айбекұлына, ІІ орын Батыс Қазақстан облысы, Казталовка ауылынан келген Нұралы Кенжемұраттың «Дубай» тұлпары мен шабандозы Ерқанат Нұрқанатұлына, ал ІІІ орын Мақат ауданының «Әдемі» тұлпарының иесі Асылхан Сүндетов пен шабандозы Шәкәрім Тәжіге бұйырды.

img 8710

Арғымақтар бас қосқан ат бәйгесі 24 шақырымдық аламан бәйгемен қорытындыланды. Бұл қашықтықта Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданынан келген Шариповтар әулетінің «Асылай» атты тұлпары мен шабандозы Саид Меңдіханов топ жарды.
ІІ орынды Ақтөбе облысы, Шалқар ауданынан келген Руслан Қойшыбаевтың «Ақбақай» тұлпары мен шабандозы Мирас Хабидулла, ал ІІІ орынды Ақтөбе қаласынан келген «Нұртас» ат әбзелдері дүкенінің иесі Айдар Сейдулланың «Сүлікқара» тұлпары мен шабандозы иеленді.

img 8713

Іс-шара соңында барлық жеңімпаздарға қомақты қаржылай сертификаттар, кубоктар мен медальдар табысталды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button