КОЛЛЕДЖ БАСТАМАСЫНЫҢ ЖЕМІСІ

Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі Атырау қаласындағы 20 орта мектеппен ынтымақтастық туралы қол қойған меморандум аясында бірлесіп шаралар өткізе бастады.

Соның бірі -  орта мектептер мен колледж арасында кіші аяқ добынан ұйымдастырылған турнирге аталған білім ордасы студенттері мен облыс орталығындағы мектептер оқушылары қатысты.

 – Каспий өңірінің қазіргі замандағы коллежді Атырау қаласындағы орта мектептермен қол қойылған меморандум аясында ұйымдастырылып отырған бұл жарыстың басты мақсаты, – дейді колледж директоры. Атырау қалалық мәслихатының депутаты, Бақытгүл Хаменова – Елбасының биылғы Жолдауындағы жастардың функционалдық сауаттылығын арттыру, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Бұл сайыс мектептермен қарым-қатынасты нығайту, әріптестік аясын кеңейту мақсатындағы игі шараларымыздың бірі ғана. Алда кешенді жоспар бойынша жасалар шаралар көп-ақ. Мақсат біреу – жастарға сапалы білім, тағылымды тәрбие беруді бірлесе атқару.

Бұл жарыс Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне және колледждің 10 жылдығына арналған шаралардың да бірі саналады. Айта кетсек, колледж ұжымы Наурыз мерекесін Көрісу дәстүрімен бастап кеткен.

–  Біздің колледжден екі команда қатысып жатыр. Бізде спортқа жақсы көңіл бөлінген.

– Тек футбол емес, баскетбол, спорттың басқа түрлері де жақсы дамыған. Әлемдік жарыстардан орын алып жатыр. Біздің колледждің студенттері күрестен Қазақстан чемпионы, кикбокстан әлем чемпионы атанды, – дейді колледж студенті Фархат Тілеков. Ал, №11 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің оқушысы Эльдар Ізбасаров колледждің бастамасымен өткен жарысқа  дән риза.

Турнир қорытындысымен №15 Абай атындағы орта мектеп командасы жеңімпаз атанды. Ал, ұйымдастырушы колледж командасы ІІ орын, №13 Д.Байбосынов атындағы ұлттық гимназия оқушылары ІІІ орын алды. Ынталандыру сыйлығына №20 А.Пушкин атындағы орта мектеп оқушылары ие болды. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар әлі жалғасын табады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз