Жарнама
Спорт

Индерлік дзюдо шебері әлем чемпионатына қатысады

Атырау облысының Индер ауданында дзюдо спортын алғаш ресми түрде дамытуға үлес қосқан тәжірибелі жаттықтырушы, ауданның Құрметті азаматы Асқар Бәкенов әлем чемпионатында Қазақстан атынан сынға түседі.

Асқар Бәкенов — дзюдо саласына өткен ғасырдың 80-жылдары жол салған, көптеген жас спортшыларды тәрбиелеген білікті маман. Ол ардагерлер арасындағы жарыстарда екі мәрте Қазақстан чемпионы атанып, өз шеберлігін дәлелдеген спортшы.

Енді ардагер спортшы Францияның астанасы Парижде өтетін әлем чемпионатында 66 килограмм салмақ дәрежесінде 70 жастан асқан дзюдошылар арасында ел намысын қорғайды. Бұл салмақта Бәкеновтен бөлек, тағы әр елден 12 спортшы бақ сынамақ.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button