Индерде тұңғыш рет бокстан республикалық турнир басталды

whatsapp image 2023 05 19 at 09.29.12 1 Спорт

Спорт ардагері, бокстан Бүкілодақтық және Қазақстан Республикасының «Буревестник» спорт қоғамының бірнеше дүркін жеңімпазы, Халықаралық дәрежедегі ІВА төрешісі Алтыбай Ермұқанның құрметіне арналған бокстан 2010-2013 жылғы жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир басталды. Бұл туралы Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Спорт додасының ашылу салтанатында аудан әкімі Дарын Шамұратов спорт ардагері А.Ермұқанның ауданның спорт саласына, оның ішінде бокс үйірмесінің дамуына қосқан үлесі және жетістіктерін атап өтті. Сонымен қатар, жас былғары қолғап шеберлеріне сәттілік тіледі.

Аталған турнирге еліміздің 11 қаласынан 255-ке жуық боксшы 22 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсуде.

Айта кетейік, бұл спорттық дода мамырдың 21-де дейін жалғасатын болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз