Жарнама
Спорт

Давид Дегтярёв — үш дүркін әлем чемпионы!

Мысырдың Каир қаласынан сүйінші хабар жетті. Пара пауэрлифтингтен ел намысын қорғаған даңқты спортшымыз Давид Дегтярёв әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсетіп, үш дүркін әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді.

– Жерлесімізді осы айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! – деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.

Министрдің айтуынша, 54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз 191 келі зілтемірді еркін еңсеріп, қарсыластарынан оқ бойы озық шықты. Осы керемет нәтижесінің арқасында Давид Дегтярёв жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, әлем чемпионатында көк туымызды желбіретіп, Әнұранымызды шырқатты.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы елімізде параспорттың дамуына әрдайым айрықша көңіл бөліп келеді. «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңда параспорт түрлеріне басымдық беріліп, «мүгедектігі бар спортшыны сүйемелдеуші» ұғымы енгізілді. Параспортты қолдау және оны ел ішінде кеңінен насихаттау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button