БАЙРАҚТЫ БӘСЕКЕ

Жуырда ІІІ облыстық мектептік баскетбол лигасы басталды. Астанада өтетін финалдық ойындарда Атырау облысының намысын қорғау үшін 25 команда бақ сынасуда.
Ойындар Атырау мұнай және газ институтының алаңында өтуде. Мектеп лигасының ашылу салтанатына қатысқан «Атырау барыстары» баскетбол клубының директоры Болат Мұхамбетқалиев пен спорттың осы түріне үнемі демеушілік көрсетіп келетін «Әлішер» ЖШС директоры Саламат Төлеуов бұл турнирдің басты мақсаты – баскетбол спортын дамыту мен салауатты өмір салтын ұстану екенін айтты. Сондай-ақ олар Балтық баскетбол лигасында және Қазақстан Республикасы чемпионатының Ұлттық лигасында облыс намысын асқақтатып жүрген «Атырау барыстары» кәсіби баскетбол командасы құрамына болашақта жергілікті ойыншыларды тартуға ықпал ететіндігін жеткізді.

«ISKER» консорциумы Махамбет, Доссор, Аққыстау ауылдары мен №1 интернаттың командаларына демеушілік көрсетіп, жаңа спорттық киімдер және баскетболға арналған доптарды сыйға тартты. 
Облыстық турнирдің ашылу күні ер балалар арасында бес ойын өтті.

Бетті дайындаған Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз