Бапкерге – шынайы құрмет

screenshot 2 9 Спорт

«ЖАЙЫҚ» СПОРТ КЕШЕНІНДЕ ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫ АСАН РАУШАНОВТЫҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА IV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ. ДОДАҒА ҚЫРҒЫЗСТАН, ӨЗБЕКСТАН ЕЛДЕРІНЕН, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ, ҚАРАҒАНДЫ, МАҢҒЫСТАУ, АҚТӨБЕ, БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНАН 250-ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСТЫ.

Мерейгердің құрметіне ұйымдастырылған турнирдің ашылу салтанатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржауған Төлеуова мен Парламент Мәжілісінің депутаты Сәлімжан Нақпаев жас палуандарға сәттілік тілеп, өңірімізде дзюдо, самбо күрестерінің дамуына зор үлес қосқан бапкерге жылы лебіздерін білдіріп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Турнир барысында Токио-2020 Паралимпиадасының жүлдегерлері, дзюдошылар Әнуар Сариев, Дәулет Темір, Зарина Байбатина ақтық бәсекедегі тарихи белдесулерінде киген кимоноларын облыстық музейге ресми түрде табыстады. Жарыс қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медальдар мен дипломдармен марапатталды.

Жарысқа халықаралық дәрежедегі төреші Талғат Есекенов әділқазылық етті.

Алмас ҚАБДРАХМАН

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз