Жарнама
Спорт

«Ауыл спорты – 2025» турнирі мәресіне жетті

Атырау қаласында ауылдық елді мекендерден келген жас спортшылардың басын қосқан «Ауыл спорты – 2025» аймақтық турнирі басталды. Бұл жарыс биыл екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Аталмыш спорттық дода «Халық» қайырымдылық қорының демеушілігімен және Атырау облысы дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының қолдауымен өтті.

Биылғы жарысқа облыстың аудандарынан келген 8-14 жас аралығындағы спорт сүйер өрендер қатысты. Олар волейбол, баскетбол, үстел теннисі, шахмат, еркін күрес және бокс сынды алты түрлі спорт түрінен бақ сынады.
Спортшылардың жарыстары бірнеше алаңдарда ұйымдастырылған. Атап айтқанда, бокс сайыстары «Мұнайшы» спорт кешенінде өтсе, үстел теннисі, шахмат, еркін күрес, карате және қыздар арасындағы волейбол ойындары №6 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде (Абай орталығы) өткізілді. Ал баскетбол додасы «Жусан арена» спорт кешенінде, ұлдар арасындағы волейбол жарысы №6 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өтті.

Салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған қонақтар қатысушыларға сәттілік, әділ бәсеке және жарқын жеңіс тіледі.

– Бүгін біз ауыл спортының дамуына серпін беретін «Ауыл спорты – 2025» жарысының ашылу салтанатында бас қосып отырмыз.
Бұл дода – ауыл жастарының спортқа деген қызығушылығын арттырып, олардың бойындағы талант пен жігерді шыңдауға үлкен мүмкіндік беріп және де салауатты өмір салтын насихаттап, ел болашағының дені сау, намысты ұрпағын тәрбиелеуге үлес қосады.
Осындай жарыстар ауылдан шыққан болашақ чемпиондардың қалыптасуына жол ашады, — деді облыстық спорт басқармасының өкілі Әлихан Құспанов.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Халық» қайырымдылық қорының демеушілігімен медаль, диплом, кубок және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, үздік деп танылған спортшылар қор қаржыландыруымен Алматы қаласында өтетін республикалық кезеңге қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Осындай бастамалар ауылдағы спорт әлеуетін арттырып қана қоймай, жас буынды отансүйгіштікке, тәртіп пен еңбекқорлыққа баулитыны сөзсіз.

Алмас ҚАБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button