Жарнама
Спорт

Атыраулықтар Азия чемпиондарын күтіп алды

Атыраулықтар Nomad MMA ұйымы ұйымдастырған ересектер және жастар арасындағы Азия чемпионатында жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларды темір жол вокзалынан зор ықыласпен күтіп алды.

17-19 қазан аралығында Астана қаласында өткен бұл байрақты бәсекеге 16 елден 800-ден астам спортшы қатысып, өзара бақ сынады. Жарыстың нәтижесінде облыс спортшылары жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, Атыраудың намысын абыроймен қорғады.

Ересектер арасында Аманжан-Қажы Сағынғалиұлы – I орын, Мәди Амангелді – II орын, Айбат Төлеген II орын иеленсе, жастар арасында Айдос Бекболсынов – I орын, Расул Қуандық II орынды жеңіп алды.
Бұл жетістіктер – спортшылардың табандылығы мен жаттықтырушылар еңбегінің жемісі. Олар өздерінің жеңістерімен өздері тәрбиеленетін мектебі мен өңір абыройын асқақтатты.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button