Жарнама
Спорт

Атыраулық спортшы Үндістаннан қос медальмен оралды

Үндістанда өткен жеңіл атлетикадан XXIII Азия чемпионатында атыраулық спортшы, Western Runners жүгіру клубының негізін қалаушы әрі бапкері Еркебұлан Аташев екі бірдей қашықтықта жүлделі орын иеленді.

Жарыс барысында жерлесіміз 1500 метр қашықтықта екінші орынды жеңіп алып, 4 минут 14,32 секунд нәтижесін көрсетті. Ал 800 метрлік жарыста 2 минут 07,87 секунд көрсеткішпен үшінші орынға ие болды.
Бұл жетістік – Еркебұланның табандылығы мен үздіксіз еңбегінің жемісі.

Ол Азия құрлығының таңдаулы желаяқтарымен бақ сынап, Қазақстанның, соның ішінде Атырау өңірінің намысын жоғары деңгейде қорғады. Спортшының айтуынша, мұндай нәтижеге жету үшін жүйелі жаттығу мен мықты дайындық қажет. Еркебұланның шәкірттері де бүгінде халықаралық додаларда өнер көрсетуге бағыт алып келеді.

9e11131d c0e0 4f3b a319 5d2deb85fb26

– Бұл жеңіс – тек менің емес, маған сенім білдіріп, қолдау көрсеткен команданың еңбегі. Алдағы уақытта ел намысын әлемдік додаларда абыроймен қорғауға бар күшімді саламын, — дейді Еркебұлан Аташев.

Атырау спортының абыройын асқақтатқан желаяқтың жеңісі – жас буынға үлгі боларлық жетістік.

Алмас ҚАБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button