Жарнама
Спорт

Атыраулық сарбаз – Азия чемпионы!

Жеңімпаз жауынгерді Атырау теміржол вокзалында салтанатты түрде қарсы алды.
Астана төрінде өткен қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионатында атыраулық сарбаздың есімі ел мерейін асырды. Атырау гарнизоны 41433 әскери бөлімінің қатардағы сарбазы Айдос Баянғалиұлы Бикбульсинов 65 келі салмақ дәрежесінде қарсыласын тізе бүктіріп, Азия чемпионы атанды.

17-19 қазан күндері өткен бұл дүбірлі додада ел намысын қорғаған Айдос қайсарлық пен ерік-жігердің, табандылық пен намыстың нағыз үлгісін көрсетті.

70c7d6d5 dff0 4226 8da1 60a041bcfcbc


Бүгін чемпион сарбазды туған жері Атырауда салтанатты түрде қарсы алды. Теміржол вокзалының перронында әскери сап түзеген жауынгерлер мен бөлім басшылығы, ұстаздары мен ата-анасы, достары мен әріптестері Айдосты ерекше құрметпен қарсы алды. Әуеде қалықтаған Гимн мен оркестр үні, қолында гүл ұстаған сарбаздардың жүзіндегі шаттық жеңіс қуанышының көрінісіндей болды.

– Барлық дайындықты әскери бөлімде өткіздім. Маған сенім артқан және барлық жағдай жасаған 41433 әскери бөлімнің басшылығына алғысым шексіз. Бұл жеңіс мен үшін ғана емес, бүкіл ұжым мен ел абыройы, — дейді чемпион Айдос Бикбульсинов.
Әскери бөлім басшылығы Айдостың табысын жас сарбаздарға үлгі етіп, оның ерік-жігері мен табандылығын жоғары бағалады.

Иә, «Батыр туса ел ырысы» дейді халқымыз. Республика күні қарсаңындағы өр рухты ұланның жеңісі елдің мерейін асқақтатар, Отан қорғаушыларға шабыт сыйлар зор мәртебе.


Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button