Атыраулық бапкерлер «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы» атағына ие болды

2c7c0ab6 623a 476a a39c c6f49acec01b Жаңалықтар

30 қазан ресми түрде елімізде бапкерлер күні болып табылады. Айтулы күнге орай Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Қайыржанқызы бір топ бапкерлерді мерекемен құттықтап, спорттық атақтармен марапаттады.

25f7cf6a 5221 4ba1 ae6a ad567eadab85

Параволейболдан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Матеуов Ернар Жақсығалиұлы мен Ізмағанбетов Берік Аманқосұлы “Ұлттық дәрежедегі төреші” атағына ие болды.

Үш бірдей бапкер “Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген жаттықтырушы” атағымен марапатталды. Олар каратеден Избасқанов Болат Павелұлы мен Торғаев Сансызбай Салауатұлы және кикбокстан жаттықтырушы Юсупов Данияр Сайлыбайұлы.

4f7b71f7 4e84 41d3 a9fe fd44308f6e80

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары  жастарды дұрыс жолға бағыттап, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелейтін бапкерлердің орны ерекше екенін атап өтті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз