Атырауда панкратионнан республикалық турнир өтті

305202493 5501873029866241 6143749376231008220 n Спорт

Атырауда алғаш рет панкратионнан PFL жастар лигасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Турнирде еліміздің батыс аймақтарынан келген 12 мен 22 жас аралығындағы 20 спортшы өзара күш сынасты. Іс-шараға арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев спортшыларды құттықтады.

– Мұндай спорттық сайыстардың жиі ұйымдастырылуы – жергілікті жастардың бос уақытын тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтын ұстануына, оларды спортқа тартуға оң ықпалын тигізері анық. Атырау өңірінде мықты деген спортшылар аз емес. Бұл турнир спортшылардың рухын оятып, спорттық мансаптарының қалыптасуына жол ашады, – деді Ж.Бисембиев.

304894984 5501873013199576 2216655622121870058 n

Турнирдің басты жекпе-жегінде атыраулық Бекназар Сағын жеңіске жетті.

Айта кетейік, спорттық сайыстың құрметті қонағы ретінде Қазақстан Республикасы Панкратион федерациясының президенті Сағындық Мекеев пен Атыраудың намысын қорғап жүрген аралас жекпе-жек шебері Дамир Исмагулов қатысты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз