Жарнама
Спорт

Атырауда каратэден ҚР чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Каратэден (WKF) Шито-рю стилі бойынша Қазақстан чемпионаты салтанатты түрде ашылды. Сайыс республика құрамасын жасақтау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Биылғы додаға еліміздің 15 облысынан 800-ге жуық спортшы қатысуда,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

img 8687

Салтанатты рәсімде облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов құттықтау сөз сөйлеп, чемпионаттың ашылғанын жариялады.

— Спортпен шұғылданудың басты қағидаты – деннің саулығы. Денсаулық – өмірдің өзегі. Осындай спорттық сайыстар арқылы еліміздің намысын қорғап, биік жетістіктерге жету – әрбір спортшының абыройлы міндеті. Бүгінгі жас спортшылар – ертеңгі ел намысын биіктететін азаматтар. Бұл жарыс – олардың шыңдалуына үлкен мүмкіндік. Қатысушыларға сәттілік тілеймін,- деді ол.

img 8688

Жарыс 10 жастан бастап ересектерге дейінгі барлық жас санатын қамтиды. Бәсекелер 31 қазан мен 3 қараша аралығында өтеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button