Жарнама
Спорт

Атырауда екі жыл ішінде әр ауыл спорт нысанымен қамтылады

Алдағы екі жылда Атырау облысындағы барлық ауылдық округ спорттық инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етіледі. Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов Үкімет отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, өңірде бұқаралық спортты дамыту және халықтың салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасау — басты міндеттердің бірі.

eki zhyl

Қазір облыста 800 спорт нысаны жұмыс істейді. Соның ішінде 8 стадион, 53 спорт кешені, 702 спорт алаңы, 50 метрлік олимпиадалық бассейн, «Атырау» спорт сарайы, теннис орталығы және мұз сарайы бар. Бұдан бөлек, 17 жеке спорт нысаны тұрғындарға қызмет көрсетуде. Жыл соңына дейін 68 ауылдық округтің 70 пайызы спорт нысандарымен қамтамасыз етіледі, ал 2026 жылға дейін бұл көрсеткіш 100 пайызға жетеді.

sport 2

Өңірде 29 жаңа спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Оның 7-еуі пайдалануға берілді, жыл соңына дейін тағы 6 нысан тапсырылмақ. Қалған спорт кешендері келесі жылы іске қосылады. Сонымен қатар демеушілердің қолдауымен Атырау қаласында және ауылдық жерлерде төрт ірі нысан салынуда. Олардың арасында мамандандырылған волейбол және баскетбол орталықтары, Мұқыр және Кудряшов ауылдарындағы спорт кешендері бар.

Дарынды балаларды қолдау мақсатында Атырау қаласында Олимпиадалық резерв мектебі-интернаты бой көтермек. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асатын жобада 13 спорт залы, бассейн, оқу корпусы, жатақхана, асхана, кітапхана және басқа да нысандар болады. Мұнда 12 олимпиадалық спорт түрі бойынша 400 жас спортшы білім алады және жаттығады. Құрылысты 2026 жылдың сәуірінде бастау жоспарланған.

sport 4

Әлеуметтік жауапкершілік аясында Texol компаниясы жалпы аумағы 19 мың шаршы метр болатын спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысын қолға алған. Мұнда 12 спорт түрімен айналысуға мүмкіндік жасалады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Атырауда халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік беретін ірі спорттық жобалар жүзеге асырылмақ: ұлттық ат спорты кешені (ипподром), 12 мың орындық EURO-IV санатындағы жаңа футбол стадионы және көпбейінді «Atyrau Arena» спорт кешені. Қазір жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Құрылыс келесі жылы басталады.

sport

Облыста спортпен жүйелі түрде айналысатын тұрғындардың үлесі 45,1 пайызды құрайды. Жыл соңына дейін көрсеткіш 46 пайызға жетеді деп жоспарлануда.
Атырау облысының спорттық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы бастамалары өңір халқының белсенді өмір салтын ұстануына жаңа мүмкіндік береді.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button