«Атырау» волейбол командасы плей-оффқа жолдама алды

photo 2023 02 21 21 10 57 1 Спорт

«Жайық» спорт кешенінде 12-22 ақпан аралығында Ұлттық лиганың ерлер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 4-тур ойындары өтті. «Атырау» волейбол командасы 71 ұпай жинап, плей-оффқа жолдама алды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Тартысты додаға 8 қоманда қатысты. Ойынның соңғы күні өңірлік волейболшылар Орал қаласының «Жайық» құрама командасымен алаңға шықты. Қарсыластарын 3/0 есебімен жеңіп, 2-орынға ие болды.

– Біз ҚР чемпионатының 4-ші турында жақсы нәтиже көрсеттік. Ойын өте тартысты өтті. Ендігі кезекте команда Павлодар қаласында өтетін плей-офф кезеңіне дайындығын бастайды, – деді клубтың құрылтайшысы, облыстық волейбол федерациясының директоры Ғабиден Кайржанов.

Айта кетейік, «Атырау» волейбол клубы 2000 жылы сол кездегі облыс әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың қолдауымен құрылған болатын.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз