«Атырау барыстары» Еуразиялық Экономикалық Одақ кубогын жеңіспен бастады

20190224121731 Жаңалықтар

Atr.kz/24 ақпан, 2019 жыл. Ереванда өтіп жатқан баскетболдан Еуразиялық Экономикалық Одақ кубогында «Атырау барыстары» алғашқы кездесуінде жеңіске жетті.

20190224121731

«Атырау барыстары» баскетбол клубы турнирдің алғашқы матчында «Урарту» БК командасынан 74:78 есебімен басым түсті. Матчтың басынан ойын тізгінін өз қолына алған «барыстар» қарсыласына еш мүмкіндік бермеді. Нәтижесінде алғашқы кезеңде «Урарту» тек 9 ұпай жинай алды. Екінші кезеңнен бастап алаң қожайындары есепті қысқарта бастады. Алайда, ойынның басында жинаған ұпайларының арқасында атыраулықтар жеңіске қол жеткізді. Есеп – 74:78 (9:26, 21:18, 16:12, 28:22).

Айта кетейік, Армения баскетбол федерациясы 23-26 ақпан күндері Ереванда клубтар арасында ЕАЭО кубогы үшін халықаралық турнир өткізіп жатыр. Оған «Арсенал» БК (Тула, Ресей), «Урарту» БК (Ереван, Армения), «ЦОР-Борисфен» БК (Могилев, Беларусь) қатысуда. Қазақстан намысын «Атырау барыстары» БК қорғауда.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз