Атырауда алғаш рет «Street Workout»-тан қалалық турнир басталды

DSC 0090 Қоғам

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігіне күніне орай «Street Workout»-тан қала жастары арасында турнирі өтті, деп хабарлайды Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

DSC_0090

Қ.Смағұлов алаңында болған сайысқа 30-ға жуық атыраулық жас қатысты. Жарыс үш кезең бойынша өтті. Олар: белтемірге (турник) қосымша салмақты беліне байлап тартылу, белтемірден кеудені асыра тартылу және сырықтағы жаттығу (брусья). Осылайша, үш кезең бойынша ұпайлар жинақталып, жалпы есепте үздік шыққандар анықталды.

Қатысушылардың арасындағы ең жасы 12-дегі Арман Ыбрай болды. Ол барлық жаттығу бойынша 31 ұпай жинап, ересектермен бірдей дәрежеде сайысты. Өз кезегінде ұйымдастырушылар кішкентай Арманды «Жеңіске деген жігері үшін» арнайы дипломымен марапаттады.

Жарыс жеңімпазы болып 18 жасар Эдуард Щелков болса, екінші орынды 52 ұпаймен Артем Трембаг еншіледі. Үздікті үштікті 46 ұпаймен Саид Типаев түйіндеді.

DSC_0375

Ең үлкен салмақпен белтемірге тартылу бойынша Артем Трембаг жеңіске жетті. Ол беліне 61 келіні байлап көтерілген. Нәтижесінде, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерге арнайы диплом мен медальдар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Алғашқы кезеңде жарысты қызығып көрушілер саны көп болды. Бұның өзі Street Workout-тың жастар арасында сұранысқа ие, әрі қол жетімді спорт екенін көрсетеді. Бұндай сайыстарды алдағы уақытта жиі өткізуді қолға алатын боламыз, – дейді қалалық спорт бөлімінің басшысы Ринат Ибрагимов.

Айта кету керек, қалалық турнирге іріктеудің екінші кезеңі 7 мамыр күні Привокзальный 5-ші мөлтек ауданында өтеді. Үздік шыққан 5 қатысушы 1 маусым күні өтетін ақтық сайысқа жолдама алмақ.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз