Сандық жүйе қашан іске қосылады?

1524648205 article b 1500 Шаһар шырайы

«Қазтелерадио» акционерлік қоғамы аймақта өткен жылы шамамен 130 елді мекенді қамтитын 17 нысан бойынша цифрлық эфирлік стансаларын орната бастады. Алайда, биыл тамыз айында сынақ режимінде қосылған сегіз аумақта (Құлсары, Миялы, Мақат, Сағыз, Қаракөл, Елтай, Зинеден, Сафоновка) хабар тарату жүйелері жұмысын тоқтатты. Сандық хабар жұмысын тоқтатудың себебі неде? Бұл жүйе тұрғындарға қашан қолжетімді болмақ? Біз мәселенің мән-жайын сала мамандарынан сұрадық.

1524648205_article_b_1500_

Дархан ХҰСЫНОВ, «Қазтелерадио» АҚ Атырау облыстық радиотелехабар тарату дирекциясының басшысы:

– «Қазтелерадио» АҚ негізінен аналогтық эфирлік хабар таратады. Сондай-ақ, спутниктік жүйе деген бар. Бұл екеуі дәл қазіргі уақытта облыста ешқандай кедергісіз жұмыс жасауда. Алдымен осыны ашып айтқым келеді. Біз сандық хабар таратуды енгізу мен дамыту жобасы негізінде 2013 жылдан бастап облыс орталығына спутниктік сандық форматтағы эфирлік станцияны іске қостық. Ол Атырау қаласында 25 каналды көрсетеді. Сандық форматтағы станцияны аудан орталықтарына орнату өткен жылдан бастап қолға алынды. Жоспарда 17 нысан болды, соның 8-і өткен жылы сынақ режимінде іске қосылды. Бұл қондырғылар өткен жылдың 10-шы желтоқсанынан бастап, тамыз айына дейін жұмыс жасады. Цифрлық эфирлік хабар тарату қондырғыларын іске қоспас бұрын, эфирлік тарату уақытша сынақ тәртібінде тексеріледі. Сынақ тәртібі бойынша, хабар тарату жұмыстары бір жиіліктік желілердің трансмиссиялық жабдықтарын реттей отырып, сенімді қабылдау аймағының жобаға сәйкестігі бағаланады. Сондай-ақ, жабдықтардың жұмысы тексеріле отырып, берілген сигналдың сапасы анықталады. Сынақ режимінде болған соң, бұл бағыттағы жұмыстар толық аяқталмағандықтан, техникалық шешімі шығарылып, тамыз айында өшірілді. Сегіз елді мекеннің ішінде Сағыздағы қондырғы мердігер мекеме қызметінің жеткіліксіздігінен, наурыз айында жұмысын тоқтатты. Сонымен қатар, жабдықтарды сынақ режимінде пайдалану барысында ғимараттарда орнатылған техникалық құрылғылардың ақаулықтары анықталып, олардың істен шығуын болдырмау үшін хабар тарату жүйесі нысандар толықтай қабылданып пайдалануға берілгенге дейін уақытша тоқтатылды. Мәселелер толық шешілген соң, осы жылдың аяғына дейін 8 станция қайтадан іске қосылатын болады.

Мәлике Қуанышева

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз