Құлсарының күйі қашқан…

295332423 5378420498878162 383141028538461545 n Шаһар шырайы

Серік Шәпкенов Құлсары қаласындағы әлеуметтік нысандарды аралады.

Облыс әкімі Жылыой ауданына жұмыс сапары аясында Құлсары қаласында салынып жатқан типтік ауруханының құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

75 орындық типтік аурухана құрылысының 76 пайызы аяқталған. Нысан «Игілік» бағдарламасы аясында салынып жатыр. Мердігер мекеме 2022 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бұдан бөлек аймақ басшысы аудан орталығында орналасқан апаттық үйлерді аралады. Екі қабатты, 60 пәтерлік 7 үйде 56 отбасы тұрып жатыр. Қазір Жылыой ауданында «NCOC» ЖШС-нің демеушілігімен жаңадан тұрғын үйлер салынуда. Аудан әкімдігі апаттық үйлердің тұрғындарын осы баспаналарға көшіруді жоспарлап отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз