Жарнама
Шаһар шырайы

Қолжетімді баспана – халық игілігіне

Атырау қаласында Республика күні қарсаңында халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында 178 пәтер сертификаты табысталды. Осылайша, енді жаңа пәтер иелері автоматты түрде адами фактордың қатысуынсыз анықталмақ.

bfb75eb4 fb0d 49db 9a3e 2898dc9a42ca

Жақында Атырау қаласында әлеуметтік маңызы зор іс-шара өтті. Онда тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жаңа бастаманың тұсауы кесілді.

Іс-шара аясында Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин мен «Отбасы банк» АҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Нұржан Мұғалімов өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Келісім тұрғын үй бөлу ісінде жаңа электрондық жүйені енгізу арқылы мемлекеттік қолдаудың ашықтығы мен әділдігін арттыруды көздейді.

bc35dae8 de15 4886 9b9f d6f595756999

Жаңа цифрлық жүйе коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана бөлу процесін толық автоматтандырып, «Отбасы банк» ақпараттық базасы арқылы жүзеге асырылады. Бұл жаңашылдық кезекте тұрған азаматтарға өз мәртебесін онлайн бақылауға мүмкіндік беріп, тұрғын үй бөлу үдерісінің әділдігін қамтамасыз етеді.

-Баспана — әр азамат үшін ең маңызды қажеттілік. Елдің әл-ауқатын арттырудың бір көрсеткіші – оның тұрғын үймен қамтамасыз етілу деңгейі. Мемлекет бұл бағытта нақты және жүйелі шаралар атқарып келеді. Біз де атыраулықтардың баспанаға қол жеткізуін жеңілдету жолында бар күш-жігерімізді жұмсаймыз,— дейді қала әкімі Шәкір Кейкин.

d37bf042 52fe 4137 aab0 7a1baec2711f

Шара барысында 2 және 3 бөлмелі 178 пәтердің сертификаты табысталды. Бұл баспаналар «Отбасы банк» арқылы электрондық жүйе көмегімен бес санат бойынша кезекте тұрған азаматтарға берілмек.
— Бүгінде Атырау облысында 44 мыңға тарта тұрғын баспана кезегінде тұр. Соның ішінде 29600-ы қала тұрғындары. Баспана бөлу жұмыстарының барлық процесі толықтай автоматтандырылды. Енді адами фактор болмайды. Басты мақсатымыз — барлық санаттағы азаматтар үшін әділ әрі ашфқ тұрғын үй бөлу жүйесін қамтамасыз ету,-дейді «Отбасы банк» АҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Нұржан Мұғалімов.

Айбөпе САБЫРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button