Жарнама
Шаһар шырайы

Қала аумағында су басқан учаскелер тазартылуда

Атырау қаласында жауған жаңбырдан кейін жиналған суды шығару және көшелерді тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, қазір 10-ға жуық арнайы техника мен қызметкерлер тобы су сору және арық жүйелерін тазарту жұмыстарын атқарып жатыр.

img 8210

Мамандар әсіресе су көп жиналған көшелер мен аулаларға басымдық беріп, жол қозғалысының қалыпты жүруін қамтамасыз етуге күш салуда. Қала аумағындағы арықтар мен су ағарлар тазартылып, жаңбыр суының еркін ағуына жағдай жасалуда.

img 8208

Тұрғындар Атырау қаласы әкімдігіне өтініштер мен шағымдарды әкімдіктің әлеуметтік желідегі ресми парақшалары немесе 109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жолдай алады.

Айта кету керек, жауыннан кейінгі тазарту жұмыстары тәулік бойы жалғасып, қала көшелеріндегі жағдай толық тұрақталғанға дейін бақылауда ұсталады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button