ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

Сіздерді жаңа 2014 Жылқы жылымен шын жүректен құттықтаймын!
Берекелі де, мерекелі болып өткен Жылан жылы еліміз үшін шын мәнінде бірлік пен берекенің, жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктердің жылы болып, кең-байтақ елімізге молшылық, қасиетті жерімізге құт-береке әкелді.
Өткен жылда қаламыздың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде бірқатар жетістіктерге жеттік. Мұның барлығында, құрметті жерлестер, Сіздердің өз үлестеріңіз жатыр.
Ескі кезеңді тарих еншісіне қалдырып, табалдырығымызды енді ғана аттаған 2014 жыл жаңа бастамалардың жаршысы, бейбітшілік пен келісімнің, бақ пен берекенің, тұрақтылық пен еселі еңбектің, табыс пен жақсылықтың жылы болғай!

 

Құрметті атыраулықтар!
Жаңа жылда тәуелсіздігіміз баянды болып, салиқалы саясат пен бағдарлы бағыт арқасында кемел келешекке қадам басқан еліміз мол табысқа, толағай жетістікке жете берсін! Еліміздің ырысы артып, ырыздығы молая түссін!
Жаңа жылда әр отбасына бақыт, байлық, молшылық тілеймін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!
Әлем халықтарының ортақ қуанышына айналған, баршамызға сүйікті Жаңа жыл құтты болсын!

Құрметпен,
Атырау қаласының әкімі
Серік АЙДАРБЕКОВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз