Батпақтан құтқарудың баламасыз жолы бұл – дренаж жүйесін іске қосу

Соңғы жылдары жауын-шашынның жиілеп кетуі атыраулықтардың алдына үлкен бір проблеманы шығарып отыр. Ол жерасты суының көтеріліп, қала көшелерінің лайға, суға толуы еді. Үй ішінде етігімен су кешкен көптің ендігі жағдайы не болмақ? Қаланы құрғатып, балшықтан қалай құтылуға болады? Мәселені шешудің жолы қандай? Осыған орай гидрогеология саласының ардагері, осы мәселені көптен бері зерттеп, өз ұсынысын үнемі айтып жүретін маман Едіге Сабуровпен сұхбаттасқан едік.

Мәселенің ғылыми негізі айқын

– Едіге аға, бүгінде жерасты суының деңгейі бұрын болмаған деңгейге жетті. Қазіргі қалыптасқан ахуалға не себеп болып отыр?

– Атырау облысы негізінен шөл және шөлейтті аймаққа жатады. Солай бола тұрса да қаламыздың, оған іргелес жатқан елді мекендердің көшелері еріген қардың, нөсер жаңбырдың суынан құрғамайтын болды. Себебі, судың топыраққа сіңуі өте төмен. Оның үстіне жерасты суының биік деңгейіндегі суға қаныққан топырақ көктемде жаңбыр не еріген суды қабылдамайды.

Былтыр мамыр айындағы бір айлық мөлшердегі жауын-шашын нәтижесінде қатты нөсерден кейін жаңбыр суы біраз уақытқа дейін сіңбей, аласа жерлерде орналасқан бірнеше үйдің қабырғалары құлап, аулалар суға кетті. Мазасы қашқан тұрғындар қала, облыс басшыларына «ешқандай шарасын алмады» деп наразылық білдіргені де бар. Айта кету керек, бұл тек қана табиғи құбылыстың салдары емес, осы уақытқа дейін қала аумағында мұндай құбылыстың алдын алу шаралары атқарылмағандығынан да болып отыр.

Сондай-ақ, тағы бір назар аударар жай, қала аумағы ұлғайып, оның маңында елді мекендер бой көтеруде. Бұл халықтың қоныстануы ұлғайған сайын, жерасты суы деңгейінің жоғарылауына себепші. Өйткені, бұл жерлерде тас жол, тұрғын үйлер, түрлі құрылыс нысандары салынғандықтан жерасты суының булануы азаяды. Сөйтіп, топырақтың ылғалдануы барынша арта түседі. Ойыс жерге жиналған су кеппейді. Бірнеше айлап жатады. Бұл қала ішінің суға толып, батпақтануына әкеліп соғуда. Ащы су өсімдік тамырларының деңгейіне дейін көтеріледі. Бұл – ағаштардың өсе алмауына да себеп. «Судың капиллярлық көтерілуі» деген түсінік бар. Яғни, жерасты суы топырақ кеуектерін қуалай жоғары көтеріліп тұрады. Мұны «қылтүтік су» деп те атайды. Бұл су жерасты суы деңгейінен Атырау қаласының топырағында 2-4 метрге дейін, ал сазды жерлерде 30 метрге дейін көтеріледі. Бұл жағдай аласа жерде орналасқан тұрғын үйлерге үлкен проблема туғызды.

Толығырақ газеттен оқи аласыз.

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз