Жарнама
Шаһар шырайы

Атырауда жаңа саябақ салынып жатыр

Атырау қаласының “Геолог” шағынауданында тұрғындар асыға күткен жаңа саябақ бой көтеруде. Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

img 6235
Screenshot

Қазір саябақ аумағында 6 жылдық 74 қарағайдың арнайы сорты және 230 шаған (ясень) ағашы отырғызылуда. Мамандардың айтуынша, бұл ағаш түрлері бұған дейін Атырау қаласында көп егілмеген, ерекше өсімдіктердің қатарында.

Жаңа саябақ тек қаланың келбетін көркейтіп қана қоймай, экологиялық ахуалды жақсартуға да үлес қоспақ. Көпжылдық жасыл желек ауаны тазартып, оттегін көбейтеді және жаздың ыстық күндерінде табиғи салқындық береді.

Алдағы уақытта бұл саябақ тұрғындардың демалыс орнына, балалардың ойын алаңына айналмақ.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button