Атырауда 137 көшеге үнемдегіш шамдар орнатылмақ

2022 07 14 diod Шаһар шырайы

Жыл соңына дейін Атырауда 137 көшеге энергия үнемдегіш диодты жарық шамдары орнатылады.

Бұл туралы Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Басқармамен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде қазіргі таңда энергия үнемдегіш диодты жарық шамдарын орнату бойынша 5 жоба жүзеге асырылуда. Атырау қаласындағы 3 жобаның және Құлсары қаласындағы 1 жобаның құрылыс жұмыстары аяқталып, орталықтандырылған диспетчерлік пункттері арқылы энергия үнемдегіш диодты жарық шамдары орнатылды. Сондай-ақ, жүзеге асып жатқан бесінші жоба бойынша Атырау қаласында 2021 жылы 48 көшеге 1062 дана жарық шамы орнатылып, қазіргі таңда шамдарды орнату жұмыстары әлі де жалғасуда.

– Осы жылдың аяғына дейін Атырау қаласы мен қала маңындағы ауылдарға барлығы 137 көшеге 3946 дана энергия үнемдегіш диодты жарық шамдарын орнату жоспарланды. Жыл соңына дейін толықтай пайдалануға беріледі, деді басқарма басшысының орынбасары Данияр Мукишев.

Айта кетейік, 2017-2021 жылдары аралығында 345 көшеге 426 шақырым электр желісі жүргізіліп, 12461 дана диодты жарық шамы орнатылған болатын.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз