Туған күніңмен, арайлы Атырауым!

20181007175813 Шаһар шырайы

Атырау қаласының күніне орай Мәдина Сәдуақасова, Райм мен Артур, «Natan», «Mband» және басқа да Қазақстан мен Ресей эстрадасының жұлдыздары, сондай-ақ, жергілікті өнерпаздар орталық алаңды әуезді әнге бөледі. Сөйтіп, жиналған 20 мыңға жуық қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.

20181007175844

– Биылғы жылы Атырауда рекордтық деңгейде тұрғын үй, қала маңындағы ауылдық округтерде жаңа жолдар салынатын болады және балабақшалар мен мектептердің құрылысы белсенді жүргізілуде. Көшені жарықтандыру бойынша жобалар іске асырылып, қоғамдық көлік тұжырымдамасы енгізілуде. Қалада шағын және орта бизнес субьектілерін дамыту үшін барлық жағдайлар жасалып отыр. Бүгінгі күні отандық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік жауапкершілігінің арқасында қала күн сайын көркейіп келеді. Атыраулық барша тұрғындарды қала күнімен құттықтаймын және Сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық пен бақыт тілеймін, – деді шаһар басшысы Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы.

20181007175818

Шара барысында Елбасының «Болашақка бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында әлеуметтік және қайырымдылық жобаларды жүзеге асырып келе жатқан демеуші мекемелер мен меценат кәсіпкерлер марапатталды. Олардың қатарында – кәсіпкер Ибрагим Ақдрашев, депутат Әлібек Семғалиев, «Өмір гүлі» ансамблінің жетекшісі Таныш Жакупова, «КТК және К» компаниясының және «Wheels brothers» мотоклубының өкілдері бар.

20181007175813

Соңында жиналғандар арнайы музыкалық отшашуды тамашалады.

 

 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

(Суреттер ғаламтор желісінен алынды)

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз