Жарнама
Шаһар шырайы

АТЫРАУЛЫҚТАР ЖОЛДЫ ӨЗДЕРІ ЖӨНДЕП ЖАТЫР…

Әлеуметтік желіге қала тұрғындарының Әуезов көшесіндегі соңғы аялдамадан Құрманғазы мәдениет сарайына дейінгі жолдың бойындағы шұңқырларды өз күшімен тегістеп жатқан видеосы тарады. Олар жолды қайта қалпына келтіру жұмыстарын ұзақ күтті. 

Жолдың жөндеу жұмыстары не себепті кешігіп жатқанын Атырау қаласы әкімдігі тұрғындар қалашығына алдымен кәріз жүйесі жүргізу жоспары тұрғанын айтып түсінік берді.

  • — Әуезов көшесіндегі автокөлік жолының астында ауыстыруды қажет ететін, тозығы жетіп тұрған кәріз құбырлары бар. Қазіргі кезде ол жермен жаңа кәріз құбырын жүргізу бойынша жобаға түзетулер енгізіліп жатыр. Жұмыстар жақын арада басталады. Кәріз құбыры ауыстырылғаннан кейін жаңа жол төселеді, — деді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.

Дереккөз: azh.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button