2020 12 11 171343194900

«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 2 инвестициялық жобаға 757,7 млн. теңге бөлінеді

Саясат
6 / 100

Елімізге таралған пандемияға байланысты көптеген салаларда шектеулер қойылып, іскерлік белсенділіктің төмендеуіне алып келді. Мемлекет тарапынан елімізде экономикалық іскерлік белсенділікті қолдау және сыртқы әсерлердің теріс ықпалын азайту үшін ауқымды шаралар қабылданды.

Осы орайда, «Nur Otan» партиясы Құрманғазы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиевпен болған сұхбатты оқырман назарына ұсынамыз.

– Өмірболат Өтегенұлы Партияның аудандық филиалы тарапынан биыл қандай жұмыстар жасалды?

– 1 700 аз қамтылған отбасыларға «Біз біргеміз» қоғамдық қорынан 50 мың теңгеден берілді. 2 272 мүгедек жандарға, 270 мүгедек балаларға, мүгедек күтімімен айналысатын 270 ата-анаға, жұмыссыз мәртебесін жоғалытпаған жұмыспен қамту шараларына тартылған 1 766 азаматқа әлеуметтік көмек төленді. 397 бала кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілді. Еріктілер арқылы 613 әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қарияларға тұрмысқа қажетті азық-түлік себеті үлестірілді. 2020 жылы 1 169 адамды қоғамдық жұмыстарға, кәсіптік оқуға 100 адам, 110 адамды жастар практикасына жіберілді, 100 адамға жаңа бизнес идеяларды іске асыруға гранттар беріледі. «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 2 инвестициялық жобаларды іске асыруға 757,7 млн. теңге бөлінеді. 190 жұмыс орындары ашылады, оның 50 пайызы 95-і Жұмыспен қамту органдары арқылы тіркеге алынған азаматтар жолданды. 27 коммуналдық мекмелердің жалға алу төлемдері 3 айға тоқтатылды. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін кәсіпкерлерге 82 жобаға 200 АЕК көлемінде мемлекеттік гранттар бөлінді.

– Қазір еліміз бойынша үлкен дода, Қазақстан Республикасы Мәжілісі депутаттарының сайлауына дайындық басталып кетті. Еліміздегі жетекші партияның бірі «Nur Otan» партиясы да бұл бағаттығы жұмыстарды бастап кеткенінен хабардармыз. Аудандық филиалдың қандай жоспарлары, бағдарламалары бар?

– Бүгінде барлық азаматтар «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде. Ол үшін біз жүйелі партиялық қайта жүктеуді және ашық партияішілік  сайлау – праймериз өткіздік. 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін сайлауға келсек бұл енді барлық партия мүшелеріне үлкен жауапкершілік жүктейтін науқан. Сол себепті 2020 жылғы 10 қарашада партияның аудандық филиалының кезектен тыс XXXI конференциясы өтіп оның №001PQ қаулысымен бекітілген «Nur Оtan партиясының Құрманғазы ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасы бекітілді. Бағдарлама «Ахуалды жақсарту бойынша шаралар», «Дамудың жеті басымдылығы» атты бөлімдерден құралған. Соңғысына, «Экономикалық тұрақты аудан», «Жайлы аудан», «Әлеуметтік қызметке бағытталған аудан», «Жастарға бағытталған аудан», «Экономикалық тұрақты аудан», «Тарих пен мәдениетті дамыту», «Ашық және есеп беретін жергілікті органдар», «Қауіпсіз аудан» атты жеті басымдықтан тұрады. Оның әрқайсысы бойынша атқарылар жұмыстар нақты көрсетілген. Ондағы басты мақсат – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау. COVID-19 жағдайы еңбек нарығына түзетулер енгізді, жұмыспен қамту және халықтың табысы саласындағы белсенділікті айтарлықтар әлсіретті. Біліктілігі төмен және тұрақсыз жұмыс істейтін жұмысшылар ең көп зардап шекті: даяшылар, жүк тиеушілер, тазалаушылар, сатушылар, ас үй жұмысшылары және басқалар. Бұл ретте жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызға өсіп отыр. «Nur Otan» партиясы әр адам өзіне және өз отбасына лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуі үшін тұрақты жұмыс орындарының санын ұлғайтуға ықпал ететін болады. Ол үшін шағын және орта кәсіпкерлікті, туризм және ауыл шаруашылығын дамытуға және өнімдер шығаратын жаңа өндірістер ашуға баса назар аударылатын болады.

– Сайлауға дайындық бойынша қандай жұмыстар атқарылуда?

– «Nur Otan» партиясының сайлауалды қоғамдық штабы құрылды. Оның аппаратында 13 адам бар. Округтердегі мүшелерін қосқанда 70 адам. 19 округте 39 сайлау учакесі құрылды. Аудан бойынша 2009 партия мүшесі болса, соның праймеризден өткен 5-і облыстық, 26-сы аудандық мәслихатқа депутат ретінде түскелі отыр. Барлығына да партияның бағдарламасы, тезистері, жадынамалар таратылды. Арнайы кездесу кестелері бекітілді. Кандидаттар одан хабардар. Олармен жұмыс жасауды жеңілдету үшін «Telegram» әлеуметтік желісінде «Кандидаттар»,деген топ ашып, үнемі байланыс жасап отырмыз. Біз Құрманғазы ауданының дамуы мен өркендеуі үшін тұрғындармен және қоғамдық ұйымдармен идеялар алмасуға, ынтымақтастыққа дайын екенімізді мәлімдейміз. «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне және әрбір қазақстандықтың игілігіне жұмыс жасауды жалғастырады. Біз алдымызға халықтың сенімін ақтауды міндет етіп қоямыз. Ауданның әрбір тұрғынының жайлы өмір сүруі, дамуы және  өзін-өзі дамытуды жүзеге асыруы үшін барлық мүмкіндіктерге ие болатын бақуатты қоғам құрамыз.

«Nur Otan» партиясы Атырау облысының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған