ЖАСТАРҒА СЕНІМ – КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

Өткен жылы Атырау мұнай өңдеу зауытында тұтас ел экономикасы үшін өте маңызды қос жоба мәреге жетті. Республикада тұңғыш рет бензол мен параксилол алынды. Ал, бұлар – мұнай-химия кешені үшін аса қажетті шикізат. Биыл шикі мұнайды тереңдете өңдеу жобасы аяқталады. Сол кезде жоғары октанды бензинге деген ішкі сұраныс қамтамасыз етіледі, оны сырттан тасымалдау едәуір кемиді. 

Елбасымыз биліктің барлық тұтқасында жастардың болғанын қолдап отыр. Ендеше, Мәжілісте де жастарға кезек жеткендей. Еліміз егемендік алған жылы өмірге келген сәбидің өзі биыл 25-ке толады екен. Жігіттің нағыз ат жалын тартып мінетін шағы емес пе? Тау қопарып, тас тесетін кезі ғой. Осы жасында жасампаз істердің ұйытқысы болып, ел алдына шықпаса, оның дауысын халық қашан естиді? Жастарға да жеткілікті сенім артып, үлкен шаруаны тапсырған дұрыс.

Ал, депутаттық қызмет туралы айтсам, халық сеніміне ие болу – оңай емес. Олардың жұмысы қажетті заңдылықтар шығарып, шешімдер қабылдаумен шектелмейді. Бюджеттен бөлінген қаржының әрі уақытында, әрі тиімді жұмсалуын қадағалайды. Бұл, әсіресе, қазіргідей әр теңгені үнемді жұмсау қажеттігі өткір туындап отырған шақта аса маңызды.

      Юрий КУСТАДИНЧЕВ,

Атырау мұнай өңдеу зауытының инженері.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз