
Жас буынның мүддесі ескерілді
Қазақстанда ішкі саясаттың қағидаттары мен құндылықтарының бекітілуі – елдің даму бағытын айқындайтын маңызды қадам деп ойлаймын. Бұл құжат қоғамның барлық саласын қамтып, мемлекет пен халық арасындағы байланысқа жаңа серпін береді. Әсіресе, жастар саясатының жеке бағыт ретінде айқындалуы қуантады. Өйткені қазіргі жастар – елдің ертеңі ғана емес, бүгінгі дамудың да қозғаушы күші.
Жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру, бастамаларына қолдау көрсету және олардың пікірін ескеру – қоғам тұрақтылығының кепілі. Мемлекет тарапынан жастарға арналған нақты бағыттардың жүйеленуі олардың әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді деп сенемін. Бұл құжатта көрсетілген «Адал азамат», «Таза Қазақстан» сияқты қағидаттар да жастардың бойында жауапкершілік пен елге деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға ықпал етеді.
Осындай кешенді және нақты тұжырымдалған саясат елдің болашағына сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Ең бастысы жастар бұл процестен тыс қалмай, елдің дамуына белсенді атсалысуы қажет.
Антонина РЕВКОВА,
Атырау облысы білім беру басқармасы «Психологиялық қолдау орталығының» психологі



