ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР БАЙҚАУЫ

Кеше Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз  мәслихатында Қазақстанда Жалпыұлттық инновациялар байқауы басталғандығы мәлім болды.

 

Атап айтқанда, Инвестициялар және даму министрлігі байқауды бес аталым бойынша өткізу шешімін қабылдады. Бүгіннен басталған осы байқау «Оқушылар арасындағы үздік жоба», «Үздік жас ғалым», «Жылдың үздік өнертапқыштық шешімі», «Кәсіпорында өнертапқыштықты қолдаудың үздік жүйесі», «Инновациялық тақырыптағы үздік тілші материалы» аталымдары аясында ұйымдастырылады.

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Жұматай Сәлімовтің сөзіне қарағанда, Қазақстандағы Британдық кеңеспен бірге балалардың үздік инновациялық жобалары іріктелінеді. Сонымен қатар, аталған кеңестің қолдауымен  Лондондағы FameLab байқауының гранд финалында еліміздің намысын қорғайтын үздік жас ғалым анықталады. «Оқушылар арасындағы үздік жоба» аталымына орта мектептердің 5-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1 және 2 курс студенттері қатыса алады. Өтінімдерді қабылдау 22 қарашаға дейін жалғасады, ал, байқаудың ақтық сыны Астанада 11 желтоқсанда өткізіледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Ұлыбританияға білімдерін жетілдіру сапарымен барады.

БАҚ өкілдері арасында инновация тақырыбындағы үздік материалдар «Мерзімдік басылымдағы үздік материал», «Үздік радиобағдарлама», «Үздік телевизиялық сюжет», «Үздік интернет-материал/үздік блогер» аталымдары аясында іріктелінеді. Қатысуға өтінімдер қабылдау 25 қазанға дейін жалғасады. Бас жүлдені иеленген журналистке 1 млн. теңге тапсырылады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз