Жарнама
Саясат

Заманауи басқару мен ашық саясаттың жаңа кезеңі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың e-Parlament жүйесін енгізу жөніндегі бастамасы – еліміздің саяси жаңғыру бағытының нақты көрінісі. Мемлекет басшысы атап өткендей, қазір әлемдік тәжірибеде цифрландыру мен жасанды интеллект мемлекеттік басқарудың ажырамас бөлігіне айналуда. Сол үрдістен біздің ел де шет қалмауы керек.

e-Parlament – заң шығару ісін жаңа деңгейге көтеріп, Парламент жұмысының ашықтығын, тиімділігін және жеделдігін қамтамасыз ететін маңызды құрал болмақ. Бұл жүйе арқылы депутаттар мен азаматтар арасындағы өзара байланыс күшейіп, қоғамның саяси өмірге тікелей қатысу мүмкіндігі кеңейеді.

Сонымен қатар, e-Parlament цифрлық үкімет – e-Gov платформасының жалғасы іспетті. Ол мемлекеттік шешім қабылдау процесін барынша айқын, есепті әрі дер кезінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұндай қадам халықтың билік институттарына деген сенімін арттырып, демократиялық мәдениетті нығайтуға серпін береді.

Президент айтқандай, заман талабы – жылдамдық пен дәлдік. Сондықтан бір палаталы Парламент форматына көшу және e-Parlament жүйесін енгізу – шешім қабылдау үдерісін жеңілдетіп қана қоймай, оның сапасын арттырады. Бұл – Қазақстанның тиімді әрі заманауи мемлекеттік басқару жүйесіне бет бұрғанының нақты айғағы.

Бүгінгі таңда цифрлық трансформация – экономикалық және әлеуметтік даму тетігі ғана емес, сонымен қатар елдің саяси мәдениетін жаңғыртудың қуатты құралы. Сондықтан e-Parlament жобасы болашақта еліміздің демократиялық дамуының маңызды қозғаушы күшіне айналары сөзсіз.

Абдолла ИДРЕСОВ,

“AMANAТ” партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button