Зағип болса да референдумға келді

prarara Саясат

Мүмкіндігі шектеулі жандарға үйде отырып-ақ дауыс беруге жағдай жасалған. Қалауына қарай референдум учаскесіне келіп дауыс беруге де шек жоқ.

Арнайы кабина да орнатылған. Ал Индербор кенті тұрғыны Қонысбай Тұрғалиев – 1 топтағы мүмкіндігі шектеулі жан. Бұрын Индер борат кенішінің механикаландырылған цехында токарь болып жемісті еңбек еткен ол бүгінде зағиптар санатында.

— Соңғы 10 жылдан бері екі көзім көрмейді. Глоукома дертіне шалдықтым. Бірақ елде басталған референдумда үйді тыныш жата алмадым. Өзгенің көмегіне сүйеніп барсам да референдумға ел қатарлы қатысуды жөн деп таптым. Бүгін күн де жақсы екен. Таза ауа жұтып, бірқатар таныстарыммен амандасып, қауқылдасып қалдым.Ал бастысы азаматтық парызымды орындадым, —дейді ол.

— Біздің учаскеге үйден дауыс беруге әзірге 3 адамнан ұсыныс түсті. Түстен кейін арнайы жәшіктер жеткізіліп, дауыстарын беретін болады, —дейді ✓113 референдум учаскесінің төрағасы Бағытжан Құнас.

С. Сансызбайұлы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз