tehnologii

Цифрлық сауаттылық артуда

Саясат

Жолдау жолдарынан:

«Жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты  критерийі –оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы»

tehnologii

Жолдауда қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарту мақсатында Елбасы білім беруге, оның ішінде мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру, мамандар біліктілігін арттыру қажеттілігіне баса назар аударды.

Бұған қоса жоғары оқу орындарындағы түлектердің жұмысқа орналасуына назар аудара отырып, осылайша әр салаға қажетті мамандар мәселесін шешуді, жоғары оқу орындары қызметінің сапасына көңіл бөлуді тапсырды.

Бүгінде «Нұр Отан» партиясының бастамашыл жобалары аясында заман талабына сай Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті базасында ашылған «ІТ-мамандарын даярлау орталығында» жас ерекшелігіне қарамастан ниет білдіруші азаматтар цифрлық сауаттылығын арттырып, кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы веб-бағдарламаларды жасақтауды үйренуде.                Оқыту нәтижесінде 113 тыңдаушы бағдарламалау дағдылары, сандық сауаттылық бойынша  негізгі білімін алды (PHP, CSS, Python, 3DMax, Corel Draw, AutoCad және т.б.). Алда жобаға жұмыссыздарды аймақтық бағдарламалар шеңберінде тарту шараларын қолға алу міндеті тұр. Жыл басынан бері облыста жұмысқа орналасу бойынша ұйымдастырылған 35 жәрмеңке өтіп, оған 6332 адам қатысса, оның 1517-сі жұмысқа орналасқан.

Бұл Жолдаудың ерекшелігі сол – көтерілген мәселелердің барлығы дерлік отандастарымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.

Данагүл ЖАЙЛАУБАЕВА,

«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған