Цифрландыру – заман талабы

TSifrlandyiru zaman talabyi Саясат

Елбасының биылғы Жолдауын халық арасында талқылау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша филиалында  жалғасты. Оған Парламент Мәжілісінің депутаттары Тұрғын Сыздықов, Нұрлан Әбдіров, Мейрам Пішембаев қатысты.

Цифрландыру – заман талабы

Алдымен, қалалық №1 бөлімге келген топ мүшелері мұндағы жағдаймен танысып, жұртшылықпен пікір алмасты. Бұл ғимаратта «Цифрлық орталық» қызметіне дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол Елбасының «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша жүзеге асып отыр. Филиал директоры Мұса Хайруллиевтің айтуынша, сандық форматқа көшу осы орталықта бастау алады. Мұнда халық сандық сауаттылықтарын арттырып, өздеріне қажетті құжаттарды электронды түрде алуға мүмкіндік тумақ.

Содан соң, депутаттар бір ай бұрын жұмысын бастаған көші-қон қызметі орталығына келді. Жаңа нысаннан қызмет алушылар «бұрын бірнеше күн жүретін қызметті қазір бір-ақ сағатта алдық» дейді. Депутаттар сондай-ақ, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы құрылысымен танысты. Жақын күндері есігін айқара ашатын аталмыш орталықта қосымша жұмыстар жүргізілуде.

«Атырауда біраз жұмыс жүргізілгенін көрдік. Сайып келгенде, мұның барлығы халыққа жағдай жасау, тұрғындардың  мемлекеттік қызмет алуына жайлы орта қалыптастыру үшін жасалуда. Президенттің цифрлық форматқа көшу тапсырмасы оң шешімін тауып жатқандығына көз жеткіздік» – деді Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров.

Жастарды қолдау жалғаса береді

Аймаққа Елбасы Жолдауынан туындайтын іс-шаралар мен тапсырмаларды халық арасында талқылау мақсатында келген республикалық ақпараттық топ мүшелері Атырау мұнай және газ университетінің профессор-оқытушылар құрамы және студенттермен кездесті.

Жиын барысында Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әбдіров, Мейрам Пішембаев, Тұрғын Сыздықов маңызды құжатта берілген міндеттерді өмір тәжірибесімен байланыстыра әңгімеледі. Сонымен қатар, кездесуге қатысқан университеттің студенттері Парламент Мәжілісінің депутаттарына педагогтардың мәртебесін нығайту, «Серпін» бағдарламасымен оқитын студенттердің жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігі, «Жастар жылына» сәйкес жастарды қолдау барысында өтетін шаралар мен бағдарламалар жайында ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, ақылы бөлімде оқитын студенттерді білім мен ғылымға, оқуға ынталандыру мақсатында стипендия беру секілді көкейкесті сұрақтарын қойып, депутаттар тарапынан нақты жауаптар алды.

Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз