ТӘРТІП БАР ЖЕРДЕ ТАБЫС БАР

Республикалық ақпараттық-насихаттық тобының мүшесі, Ішкі істер министрінің орынбасары, генерал-майор Амантай Күреңбеков Мақат ауданында болып, Доссор кентінің тұрғындары және құқық қорғау қызметкерлерімен кездесті. 

Кездесуде Ішкі істер министрінің орынбасары Амантай Күреңбеков Елбасының Жолдауындағы кемел бағыттардың орындалысы жөнінде сөз қозғап, еліміздің құқық қорғау саласындағы жаңалықтармен бөлісті. 

 Қоғамдық тәртіпті нығайту, есірткі саудасына қарсы күресті күшейту, жол жүру ережелеріне байланысты бұзақылықтарды болдырмау мақсатында профилактикалық шаралардың ұйымдастырылуын  нығайту керектігіне вице-министр көбірек көңіл бөлді.

Лена НҰРБАЕВА,

Мақат ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз