ТАРИХТЫҢ ШЕРТІП САН СЫРЫН…

Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг аясында «Қазақ хандарының жолдарымен» ғылыми экспедициясының қорытындылары, жасалған жұмыстар жайлы әңгімелеп, жоспарларымен таныстырды.

 

«Мемлекет тарихы институтының ғалымдары мүше болған экспедиция Алаша хан, Жошы хан, Домбауылдың кесенелерінде болып, Созақ кентінің танымал жерлерімен танысты. Сонымен қатар, Сығанақ және Сауран қалаларының орындарын аралап, Қожа Ахмет Яссауи, Айша бибі, Бабаджа-хатун, Қарахан кесенелерін де қарап шықты», – деді Мемлекет тарихы институтының директоры.

«Біз үлкен жұмыс атқардық, қомақты ақпарат алдық. Бұл экспедиция нәтижелері ғылыми зерттеулердің негізіне айналады. Таяуда, 11 қыркүйекте Астанада Қазақ хандығының құрылуына арналған ірі конференция өтеді. Алғашқы нәтижелер осы басқосуда баяндалады», – деп атап айтты.

Өз  тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз