Соңғы кездері құрылыс сапасы жақсаруда

4df68fc0cfc722e39350ad032bffc146 crop l 68 t 286 w 670 h 377 Саясат

4df68fc0cfc722e39350ad032bffc146_crop_l_68_t_286_w_670_h_377

Нұрбол Құрман, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Атырау филиалының директоры, қалалық мәслихат депутаты:

Елбасымыздың Жолдауы мемлекетіміздің алға қойған мақсаттарын айқындап берді. Әсіресе, бүгінге дейін қабылданған мемлекеттік бағдарламалардағы негізгі 3 бағытқа акцент беріліп отыр. Олар: әлеуметтік жағдай, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инфрақұрылым мәселесі. Соның ішінде халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету тақырыбы да жіліктелді. «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «7-20-25» бағдарламаларын одан әрі жетілдіру жолдары талқыланып, жоғары нәтижелерге жету үшін біздің алдымызға үлкен міндет жүктеді. Қазіргі таңда Атырау облысында «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы көпқабатты 21 үйдің құрылысы жүргізілуде. Одан басқа «Жас Отау» бағдарламасы бойынша 100 пәтерлік үй салынып жатыр және медицина қызметкерлеріне арналған 300 пәтерлік үйдің құрылысы басталып кетті, келер жылы тапсырылады.

Айта кететін жәйт, соңғы кездері құрылыс сапасы жақсаруда. Дегенмен, бұл мәселені үнемі қадағалап отыру керек. Аталған тақырыптың Елбасының Жолдауында айтылғаны өте маңызды деп есептеймін.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз