Жарнама
Саясат

Сенімге негізделген  серіктестік

Қазақстанның жаһандық бастамалары еліміздің бейбітшілік пен сенімге негізделген жаңа қауіпсіздік жүйесін қалыптастырудағы рөлін айқын көрсетті. Мәселен, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (CICA) толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру – Қазақстанның жаһандық бастамаларының жарқын үлгісі. Сондай-ақ, Astana International Forum әлемдік сын-қатерлер кезеңінде диалог пен көпжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған маңызды жаһандық бастама ретінде танылды. Бұдан бөлек, биологиялық қауіпсіздік, климаттың өзгеруі және ядролық қарусыздану салаларында еліміз көтерген жаһандық бастамалар халықаралық қауымдастық тарапынан кең қолдау тапты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары мен «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысуы Қазақстанның жаһандық бастамаларына жаңа серпін беріп, аймақтық және халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықты күшейтті. Бұл саммит Орталық Азия елдерінің өзара байланысын нығайтып, аймақтың әлемдік саясаттағы маңызын арттырған тарихи оқиға болды. Арнайы «Атырау» газеті үшін түрлі сала өкілдері мен сарапшылар осы бағыттағы бастамалардың мәні мен халықаралық беделімізді нығайтудағы рөліне тоқталды.

Қазақстанның жаһандық бастамалары мен бітімгершілік миссиялары – елдің сыртқы саясаттағы айқын бағытын және әлемдік қауымдастық алдындағы жауапкершілігін көрсетеді. АҚШ-пен серіктестік соның нақты дәлелі. Бұл сапар Қазақстанның халықаралық ұйымдардағы беделін арттырып, аймақтық көшбасшы ретіндегі орнын айқындай түсті. Еліміз өзара сенім мен тең әріптестікке негізделген саясат арқылы жаһандық тұрақтылық пен өркендеуге үлес қосып келеді.

Алмас ҚАБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button