АДАМҒА ҚАУІП – АРАҚТАН!

Бейсенбі күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Сәдуақасов мынадай алаңдатарлық дерек айтты: Бүгінде әрбір қазақстандық жылына 11 литр таза спирт ішеді.

1logo kz

– Бұл – тым жоғары көрсеткіш. Себебі, Дүние жүзі денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша оның көлемі 8 литрден аспауы тиіс. Сонда ғана ұлттың денсаулығы мен болашағына қауіп төнбейді, – деді сұхбаттасушымыз.
Қазіргі күні елімізде алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы жоғары болып тұр. Ол отандық нарықтың 25 пайызын алады екен. Дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш 20 пайыз болса, АҚШ пен Швейцарияда 8-10 пайыздан аспайды.

Бек АЙДАРАЛИ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз