Қоғамдық штаб мүшелері ембіліктермен кездесті

screenshot 15 2 Саясат

ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К. Тоқаевты қолдау мақсатында облыстық қоғамдық штаб мүшелері Амангелді Абдолов, Ермекқали Юсупов, Сырымбек Сәрсенбаев “Ембімұнайгаз” АҚ-ның қызметкерлерімен кездесті. Оларға кандидаттың сайлауалды бағдарламасы түсіндіріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

-3 партия мен қоғамдық ұйымдар бірігіп халықтық коалиция құрылды. Бұл – бұрын-соңды болмаған оң өзгеріс деп білемін.  Жастарға 2,5 пайызбен несие беруі – олардың кәсіпке бет бұрып, жағдайларын жақсартуға жол ашады. Сондай-ақ шағын мекемелерді 3 жылға дейін салықтан босатуы да азаматтардың жақсы жағдайда өмір сүруіне мүмкіндік беріп отыр. Алда  осындай оң бастамалардың болатынына мен кәміл сенемін,- деді сенімді өкіл Ермекқали Юсупов.

-Біз сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, өздеріңіздің ұсыныс-пікірлеріңізді тыңдауға арнайы келдік. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламасында бұрын болмаған оң өзгерістерге жол ашылғанын ел біледі. 18 жасқа дейін әр баланың есеп-шотына қаржы құйып, оны 18 жасқа толғаннан кейін пайдаға жарата алуы – өте жақсы бастама деп білемін. Олардың оқуын төлеп, тіпті баспана мәселесін реттеуге де мүмкіндік туады – деді штаб мүшесі Сырымбек Сәрсенбаев.

Жиынға қатысқан мекеме қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз