НАҚТЫ МІНДЕТТЕР НАМЫСТЫ ЖАНИДЫ

Биылғы Қазақ еліне арналған дәстүрлі 18-ші Жолдауында Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміздің экономика және әлеуметтік сала бағытындағы дамуының негізгі бағыттарын айқындап, жіктеп берді.
Жастардың инновация мен ғылымға да қосар үлесі көп және сапалы болуы тиіс. Бұл бағытта Атырау облыстық «Жас Отан» жастар қанаты үш жыл бойына облыс жастары арасында «Инновациядан – дамуға!» атты байқау ұйымдастырып келеді. Бұл да жастардың еліміздің дамуына қосар өзіндік үлесі болса керек.

Жастар арасындағы шағын және орта бизнесті дамыту, оған қолдау көрсету бағыты да Жолдауда айқын айтылды, нақты тапсырма берілді. Бұл туралы Елбасы «шағын бизнес ұрпақтан-ұрпаққа қалатын отбасылық дәстүрге айналуы тиіс» деп атап көрсетті. Осы мақсатта «Жас Отан» жастар қанаты облыс орталығында «Кеңес орталығын» ашып, жастарға шағын және орта бизнеспен айналысудың бастамасы, оны жүргізудің тиімді әдістері туралы арнайы тегін кеңес беру жұмыстарын жүргізіп келеді.
Тәуелсіз Қазақ елінің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуы тек нақты істің, жоспарлы жұмыстың, мықты отаншылдықтың арқасында ғана іске асатынын білуіміз қажет. Сондықтан, Жолдауда айтылған барлық тапсырмалар мен басым мақсаттар еліміздің бүгіні мен болашағы үшін қызмет етеді деген сенімдемін.

Асқар БОПЫЛДЫҚОВ,
облыстық «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы, Атырау қалалық мәслихатының депутаты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз