«НҰР ОТАН» – «НҰРЛЫ ЖОЛДЫҢ» БАСТАУШЫСЫ

«Әр теңге үшін қатаң сұрау болмақ. Барлық әкімдерге айрықша жауапкершілік жүктеледі. «Нұр Отан» осы жұмысқа белсенді араласып, барлық деңгейде қатаң партиялық бақылау орнатуы тиіс».

ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ

Қазақстан халқына Жолдауынан.

«Қазақстан – 2050»  Стратегиясын іске асыру – барлық деңгейдегі партия филиалдарының алдында тұрған жауапты міндет. Партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұр Отан» партиясының ХV съезінде  партия дамуындағы жаңа кезеңге бетбұрыс бастауы болатын «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» Саяси Доктринасын қабылдау арқылы алда  атқарылатын басты міндеттерді айқындап берді. 

Үстіміздегі жылдың 11 қарашасы күні Елбасы, партия Төрағасы алғашқы рет «Нұр Отан» партиясы Саяси Кеңесінің кеңейтілген отырысында «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол»  Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жария етті.

Экономикалық дағдарыс алдында тұрған әлем елдері түрлі қиындықтарға тап болуда. Қазақстан осы сыннан абыроймен шығу үшін Елбасымыз Жаңа экономикалық саясаттың негізгі ұстанымдарын жариялады. Сондай-ақ,  партия филиалдарына партияның идеологиялықтұғырнамасын іске асыруды  және атқарушы органдардың  жұмыстарынақоғамдық бақылауды күшейтуді тапсырды. Партияның2015-2025 жылдарға арналған Сыбайласжемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі бағдарламасы бекітілді.

Қазіргі  күні партия жұмыстың жаңа түріне көшті. Негізгі акцент нақты сайлаушыларға бағытталып отыр. Мақсат –  олардың қызығушылықтары мен проблемаларын шешу. Елбасы партия мүшелеріне сайлаушылар алдында берген уәделерін мүлтіксіз орындауды тапсырды.

Партия Сайлауалды тұғырнамасы аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыру мақсатындабарлық деңгейдегі  мәслихатдепутаттары – «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері партиялық кураторлар ретінде  бекітіліп, олардың жанынан  сараптамалық топтар құрылып, жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың,жастар ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, түрлі сала қызметкерлерінің өкілдері енгізілді.

Сараптамалық топтар қызметінің  мақсаты  –  тұғырнамада көрсетілген міндеттердің орындалысын талқылау, шешімі табылмай жүрген проблемаларды анықтап,  нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар мен Парламент Мәжілісіне ұсыныстар жолдау.

Осы орайда, аймақтық және аумақтық партия филиалдары сараптама топтарының барлығы 72 рет отырыстары өткізіліп, 45 құнды ұсыныстар жергілікті атқарушы  органдар мен Парламент Мәжілісіне жолданды.

Партия Сайлауалды тұғырнамасын іске асыру бағытында ағымдағы жылдың  есептік кезеңінде жалпы өңірлік өнімнің көлемі екі триллион теңгені құрады.

Партияның Сайлауалды тұғырнамасында«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын тиімді іске асырып, өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткен, жұмыссыз және аз қамтылған халықты орнықты және жемісті жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты көзделген.«Біздің ауыл», «Ардагерлердіардақтайық» жобалары арқылы сайлаушылармен жұмыс жүргізіліп келеді. Барлығы 130 шамалы еріктілер ардагерлерге бекітілді. Сонымен қатар, 106 Ұлы Отан соғысына қатысушыныңөмір сүру жағдайлары анықталып, әлеуметтік карталары жасақталды.

 «Кедергісіз келешек» жобасындабелгіленген мақсатты индикаторлардың бірі – облыстағы  еңбекке жарамды мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыру.Осы мақсатта  партияның облыстық және аудандық филиалдары мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бос жұмыс орындарының 12 жәрмеңкесін өткізді. Ағымдағы жылыоблыстағы 1603 мүгедектің 500-ге жуығы тұрақты жұмысқа орналасты.

Партия биылдан бастап қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысын  электрондық жүйеге көшірді. Тек қана бірінші жартыжылдықтың өзінде облыстық, аудандық филиалдардың қоғамдық қабылдау бөлмелеріне келіп түскен өтініштердің саны екі есеге өсті, олардың 70 пайызы бойыншанақты шараларқабылданды. Есепті мерзім ішінде аймақтық және аумақтық партия филиалдарына төрт мыңнан аса  тұрғын қабылдауларға келді. Бұл халықтың партияға деген сенімінің артқандығын көрсетеді. Қоғамдық қабылдау бөлмелерінде 550 рет сала басшыларының қабылдаулары өткізілді, өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артты.

 Өтініш берушілердің дені – аз қамтылған отбасылар, жұмыссыздар, мүгедектер, зейнеткерлер. Олардың  көтеріп отырған мәселелері – тұрғын үй бөлу, жұмысқа орналастыру, сот шешімінің орындалмауы, денсаулық сақтау саласы, тұрғын үй-коммуналдық мәселелері, еңбекақыны төлемеу, заңнама бойынша кеңес сұрау.                  

 «Нұр Отан» партиясы 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөнінде бағдарламаның  жобасы барлық бастауыш партия ұйымдарында кеңінен талқыланды. Аймақтық және аумақтық филиалдар жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестердің 40 мәжілістері өткізіліп, сала басшыларының есептері тыңдалды.

Партия қатарын тазалау жұмыстары барысында  санға емес,  сапағамән беріліп келеді. Біздің мақсат – партияға шын берілген, бастауыш партия ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтын  белсенді азаматтарды топтастыру.

Партия қатарын тазалау барысында партиямен байланысын үзген, партиялық ішкі тәртіп пен заңнамалық нормаларды бұзған партия мүшелері – 6681, оның ішінде сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін 30 партия мүшесі партия қатарынан шығарылды.

Партия Сайлауалды тұғырнамасы мен партиялық бағдарламалық құжаттарының іске асырылуын бақылау мақсатында  22  Саяси кеңес, 16 Саяси кеңес Бюро және 18 депутаттық фракциялардың отырыстары  өткізілді.

Партия Орталық аппаратының тапсырмасына сай, қазіргі уақытта партия мүшелерінің орталықтандырылған электрондық базасын жасақтау жұмыстары аяқталды. Ағымдағы жылдың 1 қарашасындағы көрсеткіш бойынша облыстағы партия мүшелерінің саны – 23 733. Олардың 99 пайызына жаңа үлгідегі партия билеттері табыс етілді. Қалғаны жыл аяғына дейін табысталады. Облыстық, қалалық, аудандық филиалдарының бұған дейін болмаған жеке ғимараттары пайдалануға берілді. Осының арқасында  барлық партия мүшелеріне партия алаңдарында еркін пікір алмасу мүмкіндігі туды.

Барлық филиалдар жеңіл автокөліктермен қамтамасыз етілді. Партия филиалдары ғимараттарының  50 пайыз артық бөлігі жалға беріліп, түскен қаражат ішкі қажеттіліктерге жұмсалуда. Бастауыш партия ұйымдары төрағалары мен партия қызметкерлерінің білімін жетілдіру бойынша көшпелі семинар-тренингтер өткізілді.

…Қысқасы, Елбасы айтқанындай, «Нұр Отан» – «Нұрлы Жолдың» бастаушысы. Қазіргі қаржылық қиындықтарға қарамастан, халықтың әл-ауқатын көтеру жолында бөлініп жатқан қомақты қаражаттың әр теңгесі мақсатты жұмсалуы тиіс. Партия мүшелерінің міндеті – соны қырағы қадағалап, жемқорлыққа жол бермеу.

Ерболат БЕКТЕМІРОВ,

«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз